АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№51 ГИМНАЗИЯ» КММ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, 12 МӨЛТЕК АУДАН, 37 ҮЙ, КОРПУС 1. ТЕЛ: 44-20-76, E-MAIL: GYMNASIUM51@YANDEX.KZ

Педагогикалық кеңестің тақырыбы:

«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамытудағы білім беру жүйесінің стратегиялық негіздері»

Күн тәртібінде:

2026–2027 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хаттың негізгі ережелері және мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру.
2026–2027 оқу жылының негізгі міндеттерін бекіту.
Мектептің оқу жұмыс жоспары мен педагогтердің оқу жүктемесін бекіту.

Педагогикалық кеңес барысында 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері таныстырылып, өткен 2025–2026 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Жаңа оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер айқындалып, бекітілді.

Сонымен қатар мектептің оқу жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді. Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Гимназия ұжымы жаңа оқу жылында білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге, адами капиталды дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.