Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, оқушылардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету және қылмыстық әрекеттерге жол бермеу.Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік түрлері, буллингке, бопсалауға, төбелеске, мүлікті бүлдіруге және өзге де заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүруіне қатысты талаптар, түнгі ойын-сауық орындарына баруға қойылатын шектеулер және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертілді.
2026 жылғы 15 қыркүйекте «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 ҚПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д. Ерболатұлы 9–11-сынып білім алушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді



