АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№51 ГИМНАЗИЯ» КММ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, 12 МӨЛТЕК АУДАН, 37 ҮЙ, КОРПУС 1. ТЕЛ: 44-20-76, E-MAIL: GYMNASIUM51@YANDEX.KZ

Жаңалықтар

Мектепте сізді алаңдататын мәселе, мазалайтын жағдай немесе бөліскіңіз келетін ой болса, оны іште сақтаудың қажеті жоқ. Сенім жәшігі — өз ойыңыз бен өтінішіңізді анонимді түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Сенім жәшігі 1-қабатта, 107-кабинет жанында орналасқан. Сенім телефоны: 8 (7132) 46-74-59 Қорқыныш, қысым, буллинг, түсініспеушілік немесе басқа да қиындықтар болса — көмек сұрау ұят емес. Сізді тыңдайтын […]

Толығырақ

Лекция барысында оқушыларға: судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы; су ресурстарын қорғаудың қажеттілігі; суды күнделікті өмірде үнемдеудің тиімді жолдары; суды ысырап етудің қоршаған ортаға әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға суды үнемдеуге шақыратын «Суды үнемде!» жадынамалары таратылып, қарапайым күнделікті әрекеттер арқылы су ресурстарын сақтаудың маңызы насихатталды.

Толығырақ

Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, оқушылардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету және қылмыстық әрекеттерге жол бермеу.Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік түрлері, буллингке, бопсалауға, төбелеске, мүлікті бүлдіруге және өзге де заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу туралы түсіндіру […]

Толығырақ

Оқушы шығарма мазмұнына қызығушылық танытып, ондағы адамгершілік, бауырмалдық, мейірімділік, отансүйгіштік құндылықтарына ерекше назар аударды. Оқушы шығарма бойынша өз ойын білдіріп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік бағасын берді. Осындай көркем шығармаларды оқу – оқушының оқу сауаттылығын арттырып қана қоймай, ой-өрісін кеңейтіп, өз пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Толығырақ

Оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы әсерлерімен бөлісіп, оқыған кітаптарының мазмұнын айтып берді. Сонымен қатар сүйікті кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты. Мақсатымыз — балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітап оқыған баланың ойы ұшқыр, сөз саптауы көркем, қиялы бай болады. Кішкентай жүректерден үлкен сый! Сынып жетекшісі:Сельбаева Ж.Е.

Толығырақ

51 гимназияның футбол үйірмесіне 5–6 сынып оқушы қыздарын қабылдаймыз! Бірге үйренеміз Бірге өсеміз Бірге жеңіске жетеміз Кел, бізбен бірге футбол ойна! Бүгін — алғашқы қадам, ертең — үлкен жеңістер!

Толығырақ

Оқушыларға үйдегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары айтылды.

Толығырақ

Отбасы күніне орай гимназия оқушыларына «Отбасы – бұл команда» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында отбасының бала өміріндегі маңызы, өзара қолдау, түсіністік пен сыйластықтың құндылығы айтылды.

Толығырақ