Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ақтөбе қалалық білім

бөлімінің басшысы

М.О.Қосымбаеваға

№ 51 гимназия КММ-нің

 әкімшілігінен

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының (01.03.2023 ж № 56 бұйрығы өзгерістермен) бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес  № 51 гимназия КММ-сі 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

№ 51 гимназия КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау. Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 мөлтек аудан 37/1  мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: 51akt51@mail.ru телефоны 8(7132) 44-20-7

 Қамқоршылық кеңес —заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің  басшысы  М.О.Қосымбаеваға

_____________________________

(өтініш берушінің аты жөні)

тұратын жері __________________

______________________________

(көше,үй пәтер)

 

Ұсыныс

Мен________________________________________________№_______________________________ (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

№ 51 гимназия  КММ-нің қамқоршылық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім   беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестін   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

___________________

(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___» __________________2023ж