АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№51 ГИМНАЗИЯ» КММ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, 12 МӨЛТЕК АУДАН, 37 ҮЙ, КОРПУС 1. ТЕЛ: 44-20-76, E-MAIL: GYMNASIUM51@YANDEX.KZ

Жиын барысында 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп тыңдалды. Гимназия директоры И.Бексултанова оқу жылы ішінде жүзеге асқан білім беру, тәрбие және қоғамдық жұмыстарға тоқталып, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары В.Калдина оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жоспарлармен таныстырды. Жазғы сауықтыру, қауіпсіздік шаралары және бос уақытты мазмұнды өткізу мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2026–2027 оқу жылына арналған мектеп формасына ұсыныстар болды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Ергалиева мектеп формасына қатысты ұсыныстарды таныстырып, ата-аналар мен кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi