Ақтөбеде дәстүрлі облыстық тамыз педагогтер конференциясы өтті. Биылғы кәсіби алаң «Жаңа Конституцияның стратегиялық бағдары — білім, құндылықтар, адами капитал» тақырыбына арналды.
Жаңа оқу жылындағы білім беру саласының басым бағыттарын айқындаған маңызды жиынға өңірдің білім беру ұйымдарынан 1200-ге жуық педагог, басшы, әдіскер және сала маманы қатысты.
Конференция барысында білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, педагог мәртебесін нығайту және білім беру жүйесінің жаңа стратегиялық міндеттері талқыланды.
Жиын аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын иеленген Ақтөбе қаласының білім беру мекемелері — Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы мен №51 гимназиясының ұжымдарын марапаттады.
Үздік білім беру ұйымдарына 11 000 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Бұл — педагогтер мен білім беру ұйымдарының жүйелі еңбегіне берілген жоғары баға, жаңа жетістіктерге жол ашатын үлкен қолдау.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз толағай, жаңа оқу жылы табысты болсын!





