АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№51 ГИМНАЗИЯ» КММ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, 12 МӨЛТЕК АУДАН, 37 ҮЙ, КОРПУС 1. ТЕЛ: 44-20-76, E-MAIL: GYMNASIUM51@YANDEX.KZ

Ата-аналардың кезекшілікке қатысуы – мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтып, бала тәрбиесіне деген ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Кезекшіліктің негізгі мақсаты:
білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мектеп аумағында тәртіптің сақталуына ықпал ету;
ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсету.
Бала қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Ата-аналардың белсенді қатысуы оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлесін қосады.