АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№51 ГИМНАЗИЯ» КММ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, 12 МӨЛТЕК АУДАН, 37 ҮЙ, КОРПУС 1. ТЕЛ: 44-20-76, E-MAIL: GYMNASIUM51@YANDEX.KZ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «№51 гимназия» КММ 2026–2027 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамын қайта сайлау бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«№51 гимназия» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 мөлтек ауданы, 37/1 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

  • Электронды мекенжайы: gymnasium@yandex.ru

  • Байланыс телефоны: 8(7132) 44-20-76

Қамқоршылық кеңес — заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекемесінің шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін орган.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  1. Білім беру ұйымының жарғылық қызметтерін іске асыруына көмек беру;

  2. Білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогикалық ұжымы мен оқушылары үшін қажетті жағдай жасау;

  3. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;

  4. Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына жәрдемдесу.

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары:

  1. Әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;

  2. Тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынастарды орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;

  3. Халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналасуына көмектесу;

  4. Білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдемдесу;

  • Білім беру ұйымына педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;

  • Педагогтердің және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;

  • Мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларды ұйымдастыруға көмектесу;

  • Материалдық-техникалық базаны жетілдіруге жәрдемдесу (абаттандыру, жарақтандыру т.б.);

  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы тарту;

  • Оқушылардың, тәрбиеленушілердің және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу.

Қамқоршылық кеңесінің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі файлда қоса берілген өтінішті толтыруыңызды сұраймыз.

Құжаттама